Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында көлік жолға шығып кеткен жылқыға соғылды

2020 жылдың 18 қазан 2020 23:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар аудандық полициясына Омбы-Майқапшағай автомобиль жолында жол апаты болғаны жайлы ақпарат түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, Nissan Primera маркалы көлік жолға шығып кеткен жылқыға соқылған. Оқиға орын алған дәл сол жерде 15 минуттан кейін жүк көлігі 3 жылқыны қағып кеткен. Екі көлікке де шығын келді.

Полиция қызметкерлері жылқышыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабымен әкімшілік өндіріс қозғады. Ал жылқылардың иесіне қатысты айыппұл санкциясын салу арқылы ҚР ӘҚБтК-тің 505 және 408-баптарымен әкімшілік өндіріс қозғалып отыр.


Жоғары қарай