Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында Қарағандыға бара жатқан шағын автобус аязда күре жолда қалып қойған

2021 жылдың 26 қаңтар 2021 14:15

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарлық полицейлер қала сыртында Өскеменнен Қарағандыға жол жүріп, аязда күре жолда тұрып қалған автобустың жолаушыларын құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылардың қалааралық тасымалымен айналысқан жүргізуші 25 қаңтарда серіг ін ертіп, «Mercedes-Benz Sprinter» микроавтобусымен Өскеменнен Қарағандыға жол тартқан. Өкінішке қарай, 40 градус аязда таңғы 05:00-те көліктің жанармайы таусылып, салдарынан автомобиль жүрмей қалды. Таңғы уақытта көмек сұрайтын ешкім табылмады – күре жолда өтіп бара жатқан көліктер болмай, аталған учаскеде ұялы байланыс та жұмыс істемеген» деп баяндады оқиғаны Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, екеуі қатып тұрған автомобильдің ішінде бір сағаттан астам уақыт отырып, көмектен күдерін үзген.

Осы уақытта жолды полиция қызметкерлері патрульдеп жүрген.

Олар Павлодардан 80 шақырым жерде жолдың бойынша тұрған көлікті байқайды.

«Полицейлер екеуін жылы қызметтік көлікке отырғызды, кейінірек көлігін қалаға дейін жеткізіп, ары қарай жол жүру үшін жанармай сатып алуға көмектескен», - деп қосып өтті облыстық ПД баспасөз қызметінен.





Жүргізушінің телефон нөмірін жазып алған полицейлер оның амандығын білу үшін әр сағат сайын байланысқа шығып тұрды.

Кейін Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Өскемен тұрғынынан алғыс келіп түсті.

Ер адам аймақтың патруль ротасының инспекторлары Тілеген Сыздықов пен Бағдат Сауытовты қиын жағдайда көрсеткен көмек үшін алғысын айтты.


Жоғары қарай