Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында халық саны азайды

2021 жылдың 27 ақпан 2021 18:58

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 1158 адамға немесе 0,2% азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық статистика департаменті өңірдегі демографиялық жағдай туралы мәліметіне қарағанда, 2021 жылғы 1 қаңтарда өңірдегі халық саны 751011 адамды құраған. Соның ішінде қалалықтар – 530209 (70,6%), ауылдықтар – 220802 адам (29,4%).

Облыста ер адамдар саны - 355996 (47,4%), әйел адамдар – 395015 (52,6%).
Атап айтқанда, 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 1158 адамға немесе 0,2 пайызға азайып отыр.
«Қарастырылып отырған кезеңде Павлодар қаласында ғана халық саны 1395-ке көтерілді. Қалған қалалар мен аудандарда азайды», - деді департаментте.


Жоғары қарай