Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында ер адамды пойыз қақты

2021 жылдың 25 ақпан 2021 15:55

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин айтты.
2021 жылғы 24 ақпанда сағат 16:22-де Павлодар станциясындағы желілік полиция бөліміне Жолқұдық станциясындағы жүк пойызының машинисі теміржол өткелінен өтіп бара жатқан адамды белгіленбеген жерде басып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
- Біз азаматтарды жеке қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз. Теміржолдардан өту тек белгіленген және жабдықталған орындарда ғана рұқсат етілетінін еске саламыз, - деп атап өтті Қалижан Қобландин.

Оның айтуынша, жыл басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 261 фактісі тіркелген, оның 63-і теміржол төсемінде адамдардың, 192- і малдың болуына байланысты.
Белгіленбеген орындарда теміржолдан өткендері үшін 144 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Басты сөздер: Оқиға, Павлодар облысы,
Жоғары қарай