Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында енді жексенбі күні де автобустар жүреді

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 20:53

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Өңірде бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің № 38 қаулысының талаптары сақталған жағдайда (қарбалас сәтте автобустар санын ұлғайту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, толымдылығы отыратын орын саны бойынша, жолаушылардың қоғамдық көліктерге қорғаныс маскаларынсыз кіруіне жол бермеу) қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беріледі», - делінген Павлодар облысы бас санитар дәрігерінің 30 қыркүйектегі №23 жаңа қаулысында.

Құжат іс жүзінде аймақтың бас мемлекеттік дәрігерінің 20 қыркүйектегі қаулысына өзгеріс енгізді және оған қол қойылған күннен бастап күшіне енді.


Жоғары қарай