Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушілері мерт болды

2020 жылдың 23 қараша 2020 01:30

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтысығып, екі көліктің де жүргізушілері мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның өңірлік департаментінен хабарланғандай, көлік апаты 2020 жылы 21 қараша күні сағат 23:30-да, «Павлодар-Омск» автожолының 31-ші километрінде болған.

«Павлодар ауданының Сычевка ауылында ВАЗ-2107 мен Lada Vesta маркалы көліктері бетпе-бет соқтығысты. ВАЗ-2107 көлігінің 53 жастағы жүргізушісі мен Lada Vesta көлігінің 40 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. ВАЗ-2107 көлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Көлік апаты бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


Жоғары қарай