Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында бақылаушылар сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді

2021 жылдың 21 шілде 2021 18:15

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысының Партиялық емес бақылау орталығының өкілдері сайлау учаскелеріне барып, 25 шілдеде өтетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау қарсаңындағы сайлау учаскелердің дайындығымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар облысының партиялық емес бақылау орталығы» ҚБ жетекшісі Алма Қозбаеваның айтуынша, ауылдық округтерде бақылаушыларды оқыту жүргізілуде.

«Бағдарлама дауыс беруді бақылаудың практикалық дағдыларын алуға бағытталған. Қатысушылар үшін модельдік учаске ұйымдастырылады, онда бақылаушылар кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды ойнауға болады. Партиялық емес бақылау орталығының бақылаушылары сайлау процесінің тікелей қатысушылары емес. Біздің міндетіміз - бүкіл сайлау процесінің барысына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру», - деді А.Қозбаева.




Партиялық емес бақылау орталығының байқаушылары Тереңкөл ауданы Байғүніс ауылының № 284 сайлау учаскесінде болды. Сайлау учаскелеріне барған кезде байқаушылар мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жағдайларына, санитарлық нормаларға ерекше назар аударды.

Айта кету керек, Павлодар облысында бақылаушылармен үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Олардың әрқайсысы алдағы сайлау мәселелері бойынша оқытудан өтті. Барлық бақылаушыларға әдістемелік материалдар (блокнот, бақылаушының жадынамасы, бақылаушының құқықтары мен міндеттері) берілді. Облыста барлығы 126 сайлау учаскесі ұйымдастырылды.





Басты сөздер: Әкім, Сайлау, Павлодар облысы,
Жоғары қарай