Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Павлодар облысында 50-ге жуық көлік қар құрсауында қалды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 11:24

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Әзірге 15 жүк көлігі тасжолда қалды, құтқарушылар мен жол қызметкерлері жолды қардан тазалау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 қаңтар күні сағат 15:00-ден 15 қаңтар 06:00-ге дейін Қарағанды облысына бағытталған айналма жолда Бозшакөл ауылынан 15 шақырым жерде жаяу бұрқасын салдарынан ТЖД күшімен жолды қардан тазалау және көлік қозғалысын үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлығы тазаланған учаскеге 36 техника шығарылды, оның ішінде 25 жүк көлігі, бір автобус және он жеңіл автокөлік, 100-ге жуық адам бар», - деп хабарлады Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті.




Жүргізушілер мен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды, оларға медициналық көмек қажет болмады. Зардап шеккендер жоқ.

«Сағат 06.00-дегі жағдай бойынша 15 жүк көлігі қар құрсауында қалып отыр. Қар тазалау жұмыстары ТЖД (үш қызметкер және бір техника), «Қазақавтожол» ЖШС (үш қызметкер және үш техника) күшімен жалғасуда. Адамдарды эвакуациялау үшін Шиқылдақ ауылында (мектеп базасында, сыйымдылығы - 60 адам) және Бозшакөл стансасында (мектеп базасында, сыйымдылығы - 60 адам) екі жылыту пункті ашылды»,- деп атап өтті құтқарушылар.

Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте қолайсыз ауа райынан (боран, бұрқасын, жол көрінісінің нашарлауы) аймақта республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді.





Жоғары қарай