Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында 4 мұғалім мен 14 оқушыдан коронавирус анықталды

2020 жылдың 16 қазан 2020 18:09

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 4 мұғалім мен 14 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінде облыста 356 мектептің ішінде шалғай ауылдардағы 184 мектепте 10 мыңнан астам бала дәстүрлі түрде білім алуда. 172 мектептегі 70 мыңнан астам оқушы қашықтан оқиды. Сондай-ақ 164 мектепте кезекші сыныптар ұйымдастырылды. 2451 кезекші сыныпқа сабақ беру үшін 2285 мұғалім жұмылдырылды. Әр сыныпта оқушы саны 15-тен аспайды», - деді Павлодар облысы Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз жиынында.

Спикердің айтуынша, өңірде 4 мұғалімнен және 14 оқушыдан коронавирус жұқтырған.
«14 оқушының арасында қашықтан және онлайн білім алғандары да бар. Барлығы қазір үйлерінде. Олардың кейбірі ем қабылдап жатса, енді бірі жазылып шыққан. Індеттен айыққан оқушылар да үйлерінде. Оған қоса, салқын тиіп ауырып қалған оқушыларды да бақылап отырмыз. Ондай оқушылар 5,4 пайыздан аспайды», - деді Д.Болатханұлы.


Жоғары қарай