Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында 20 қаңтардан бастап карантин талаптары күшейтіледі

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 12:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің өңірдегі карантиндік шектеу шараларын күшейту жөнінде жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулы ережелеріне сәйкес, әкімдерге бірқатар міндет жүктеліп отыр. Атап айтқанда, ашық және жабық ғимараттарда көріністі, спорттық іс-шараларды, отбасылық, ойын-сауық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) іс-шараларды, адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Сонымен қатар ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, комспьютер клубтары, букмекер кеңселері, лото терминалдары бар нысандар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кинотеатрлардың қызметі тоқтатылды.

Әйтсе де кітапханалар мен мұражайлардың жұмыс жүргізілуіне рұқсат беріліп отыр. Кезекші топтарды қоспағанда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынған. Қала және аудан арасында жүретін автобустар кесте бойынша шектеумен жүреді.

Жаңа қаулы 20 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.

Еске сала кетсек қазіргі уақытта Павлодар облысы Ақмола, Қостанай, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласымен қатар «қызыл» аймақта тұр.



Жоғары қарай