Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Павлодар облысында 100-ден астам ұлттың өкілдері тұрады

2022 жылдың 1 мамыр 2022 22:38

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Мерекелік серуен Гагарин атындағы саябақта және Достық үйінің алдындағы алаңда өтті. «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты салтанатты концертте қазақстандық және павлодарлық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі павлодарлықтар мен қала қонақтарын мерекемен құттықтады. Ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында айтқан «көзқарасымыз әр түрлі болса да, біртұтас ұлт» қағидатының мызғымастығын еске салды.

- Халқымыздың «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген қанатты сөзі бар, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Мемлекет басшысы өз жолдауында Жаңа Қазақстан жаңғыру мен жаңару жолы екендігін атап өтті. Облыс тұрғындары елімізде жарияланған саяси реформаларды жүзеге асыруда алдыңғы қатарда келеді.




Концерттік сахнада қазақстандық және павлодарлық эстрада жұлдыздары ән шырқады. Баянауыл ауданының тумасы Меруерт Түсіпбаева жерлестеріне арнап «Туған жер» әнін орындады.

Саябақтағы көрмеде кез келген адам қолына қылқалам алып, картинаны толықтыра алды. Жергілікті қолөнер шеберлері серуендеушілерге өздерінің өнер туындыларын көрсетті.

Жас палуандар күші мен ептілік жағынан сайысты. Павлодарлықтар мен қала қонаақтары гір тасын көтеріп, арқан тартып, білек күшін тексеріп көрді.




Облыс әкімімен кездесу кезінде қалалық қоғамдық ұйым өкілдері еліміздің Ата Заңына өзгерістер енгізу туралы референдумды қолдайтынын айтты.

Олардың сөзінше, бұл қадам - Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды шешімдердің бірі.

Достық үйінің алдындағы алаңда Әбілқайыр Сқақов өңірлік этномәдени бірлестіктер ұйымдастырған көрмені тамашалады.




ЭМБ өкілдері өз орталықтарының құрылу тарихы мен қызметі туралы айтып берді. Диаспора өкілдері мереке қонақтарына өздерінің ұлттық тәтті тағамдарын ұсынды.

Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында жүз он алты этномәдени бірлестік бар. Олардың жиырма төрті облыстық деңгейде тіркелген, ал, тоқсан алты қоғамдық бірлестіктің қалалық және аудандық дәрежесі бар.

ҚХА құрамында Аналар кеңесі, Ақсақалдар алқасы, Медиация орталығы, Ғылыми-сарапшылық кеңес және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы қызмет етеді.




































Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Жоғары қарай