Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

2020 жылдың 11 тамыз 2020 16:24

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Қараманов Павлодар облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа басшыны Павлодар облысының құқық қорғау блогы өкілдеріне өңір әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Әкім Бақытжан Қарамановтың сот жүйесіндегі үлкен тәжірибесін атап өтіп, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

«Сот жүйесінің жұмысы бүкіл қоғам үшін аса маңызды. Сот және құқық қорғау органдарының да, жалпы мемлекеттік аппараттың да басым міндеттерінің бірі тұрғындардың сенімі болып табылады. Сіздің мол жұмыс тәжірибеңіз Мемлекет басшысының сот жүйесіне жүктеген міндеттерді шешуге ықпал ететініне сенімдімін», - деді өңір басшысы.

Бақытжан Қараманов жаңа қызметіне дейін бес жыл Алматы қалалық сотында - қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және судья қызметін атқарды. Оның алдында, яғни 2002-2015 жылдар аралығында әскери соттың судьясы болған.

Әр жылдары ҚР Қарулы Күштері Әскери сотында, ҚР Бас прокуратурасының әскери прокуратуралар басқармасында, ішкі әскерлердің әскери прокуратурасында және тағы басқа лауазымдарда болған.


Жоғары қарай