Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пәтер кезегінде тұрған ақтөбеліктер баспаналы болды

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 01:13

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бүгін пәтер кезегінде тұрған 253 адам баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында бір топ ақтөбелік қоныс тойын тойлады. Олардың арасында көпбалалы отбасы, жетім балалар мен әлеуметтік жағынан осал топ санатына тіркелгендер бар. Сонымен бірге пәтер алу үшін өтініш берген Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері де баспаналы болды.





«Бір ғана Ақтөбе облысында 31 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Оның 24 мыңнан астамы адам қала тұрғыны. Пәтер алудың бірнеше жолы ұсынылды. Мемлекеттік бағдарламалардың да көмегі зор. Ал жалдамалы-коммуналдық пәтерге 700-ден астам жерлесіміз қол жеткізді. 300-ге жуығы «Бақытты отбасы» бағдарламасының игілігін көреді. Мердігерлер уақытпен санаспай жұмыс істеді. Аула ішін абаттандыру келер жылы іске асырылады», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.





Биыл 100 мың​ шаршы метр немесе 1999 пәтерден тұратын 4 тоғыз қабатты және 21 аз қабатты тұрғын үй тапсырылады. Пәтер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары арасында және «7-20-25» бағдарламасы аясында беріледі. 2020 жылдың соңында дейін кезекте тұрған азаматтарға 122 пәтер сатып алу және 419 пәтерлі ​ көпқабатты үйлерді тапсыру жоспарланды. ​

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы аясында барлығы 797 пәтер берілді. Ақтөбе қаласы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан кейін 3-орында тұр.


Жоғары қарай