Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Парламент депутаттары Құрбан айтта дәрігерлерге сый-сияпат жасады⁣

2020 жылдың 31 шілде 2020 15:26

НҰР-СҰЛТАН. Қазқпарат - Құрбан айт – қайырымдылық пен мейірімділіктің мейрамы. Осыған орай Парламент депутаттары Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, бірқатар игі бастаманы қолға алды.

⁣ Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook -тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соның аясында бүгін елордамыздағы «Green TAL Food» әлеуметтік дәмханасына арнайы бардым. Бұл жерде тағдырдың түрлі сынағына тап болған жандар жұмыс істейді. Дәмхана қызметкерлерін айт мерекесімен құттықтап, оларға құрбандықтың еті салынған азық-түлік қоржынын тарту еттік.⁣ ⁣⁣⠀

Жалпы, соңғы жылдары елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік жанданып келе жатқанын байқауға болады. Кәсіптің бұл түрі Мемлекет басшысының да басты назарында. Биылғы ақпанда Президентіміз әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесіп, мұндай игілікті істің қоғам үшін маңызы зор екенін айтты. Сондықтан алдағы уақытта осы бағытта тың бастамалар қолға алынады деп сенеміз.⁣ ⁣⁣⠀

Құрбан айт қарсаңында депутаттардың бастамасымен медицина қызметкерлерін қолдауға арналған акция да ұйымдастырылды. Соған орай бүгін Сенат аппаратының қызметкерлері індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігердің үйіне барып, сый-сияпаттар табыс етті. ⁣




Осылайша, депутаттарымыз биылғы Құрбан айтты мұқтаж жандарға, пандемия кезінде өз ісіне адалдық танытқан медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету арқылы атап өтуде. Әрдайым осылай бір-бірімізге жақсылық жасап, қол ұшын созсақ, кез келген сыннан сүрінбей өтетінімізге күмән жоқ. Сондықтан ырыс-ынтымағымыздан ажырамайық.⁣⠀⁣⁣⠀
Баршаңызды қасиетті мерекемен құттықтай отырып, ниеттеріңіз қабыл болсын деп тілеймін.⁣⁣ Айт мүбәрак болсын!»,-деп жазды Сенат төрағасы.











Басты сөздер: Парламент, Сенат, Медицина,
Жоғары қарай