Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 375.90
EUR 426.65
RUB 5.82
CNY 55.99

Париждегі жарылыс: 4 адам қаза тауып, 30-ы жарақаттанған

2019 жылдың 12 қаңтар 2019 22:49 514

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж қаласының орталығында  газдың жарылуынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін, 12 қаңтарда Франция ІІМ басшысы Кристоф Кастанер мәлімдеді, деп хабарлады The Independent.

Кристоф Кастанердің айтуынша, көз жұмғандардың екеуі - өрт сөндіру қызметінің жұмысшылары. Құтқарушылардың дерегіне қарағанда,  оқыс оқиға салдарынан 30 адам жарақат алған, олардың 12-сі ауыр жағдайда.

Жергілікті полицияның мәліметінше, келеңсіз жағдай сенбі күні таңертең қаланың тоғызыншы ауданындағы Тревиз көшесінде болған.

Оқиға салдарынан ғимараттар мен көліктер зақымданған. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай