Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Пархач көлінде балықтардың қырылуы: Алғашқы нәтижесі жарияланды

2020 жылдың 13 тамыз 2020 20:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Түрксіб ауданындағы Пархач көлінен алынған зерттеу сынамаларының алғашқы нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Пархач көлінен өлі балықтардың табылуына байланысты тексеру жұмыстары басталған болатын.

Қазгидрометтің хабарлауынша, су сапасын талдау 44 физика-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. «Бірінші күнгі талдау нәтижелері бойынша су өте лайланған (мөлдірлігі- 9) және шіріген балықтың иісі бар екендігі атап өтілді.

Зертханалық талдау нәтижелері бойынша оттегіні химиялық тұтыну

бойынша шекті норманың 11 есе артуы тіркелді – 380 мг/дм3. Бұл тоғанның

органикалық заттармен ластануын көрсетеді.Қазіргі уақытта негізгі иондар, ауыр металдар және 5 тәулікте оттегіні биохимиялық тұтыну бойынша суды талдау жалғасуда, олардың нәтижелері қосымша жарияланады», - делінген хабарламада.

Фото: РГП «Казгидромет»
Жоғары қарай