Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Параспорт: Волейболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

2020 жылдың 24 қараша 2020 14:38

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде мүгедектер арасында тұрып ойнау волейболынан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғары деңгейде өткен жарысқа Шымкент қаласы жəне Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарынан 87 спортшы қатысты.

Мүмкіндіктері шектеулі бұл азаматтар қоғамдық өмірге белсене атсалысып, спорттың сан түрімен айналысып келеді.

Шаршы алаңда тамаша өнер көрсеткен волейболшылар арасында бас жүлдені Маңғыстау облысының командасы жеңіп алды.

Күмісті Түркістан облысының талантты спортшылары иемденді.

Ал, қола жүлде Ақтөбе облысынан келген волейболшыларға бұйырды.

















Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Спорт,
Жоғары қарай