Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Парашютпен секірген сарбаздың өлімі: ҚР ҚК Бас штабы кінәлілерді жазалауға қатысты айтты

2020 жылдың 10 қыркүйек 2020 20:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов Ақтауда парашюті ашылмай, қаза болған сарбаздың өліміне жауапты тұлғаларды жазаға тарту мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қорғаныс министрінің тапсырмасымен бізде әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы бөлімшелер құрылған. Ол бөлімшелер барлық командирмен және бастықтармен бірге әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылайды. Бұл оқиғаға келер болсақ, қазіргі уақытта менің білуімше, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның аяқталуына байланысты тиісті шешім шығады», – деді Сәкен Жүсіпов бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, әскери қызметшілердің қауіпсіздігі ең маңызды мәселе болып саналады.

«Әлбетте, ең бірінші кезекте мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың қауіпсіздігі үшін алаңдаймыз. Кейінгі жылдары мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың жарақат алу жағдайы азайды», - деді Сәкен Жүсіпов.

Еске сала кетсек, оқиға Маңғыстау облысында өткен айда болған еді. Жауынгерлік даярлық барысында әскери қызметшілердің бірінің парашюты ашылмай қалды.


Жоғары қарай