Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пандемия өршіп тұрған кезде «Алтын Орда» базарының неге жабылмағаны түсіндірілді

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 13:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия өршіп кеткен кездерде бүкіл базарлар жабылып жатты. Ал былтыр Алматы облысы мен қаласында эпидахуал ушығып тұрған кездердің өзінде «Алтын орда» базарына мұндай шектеу қолданылмады. Неге бұлай болды? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде әкімдік өкілдеріне осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтын орда» базары бойынша мынаны айтайын. Бұл базар елдегі азық-түлік бағасын қалыптастыруда үлкен рөл ойнайды. Өйткені толайым сауда жасаушылардың көбі өнімді осы жерден сатып алады. Егер біз оның жұмысын шектесек немесе бірнеше күнге жауып тастасақ, Алматы облысы мен қаласынан басқа өңірлерде де азық-түлік бағасы өсіп, дүрбелең туғызады. Бұл жерде мәселеге жан-жақты қарау керек», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Оның сөзіне қарағанда, базар республикалық маңызға ие нысан болғандықтан, ондағы санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шаралары жан-жақты қадағалауға алынған.

«Базардағы нүктелердің бәрі санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша реттеуге жатады. «Алтын орда» базарында вакцинациялау бекеттері мен мониторинг топтары жұмыс істеп тұр. Базар басшылығына да жұмысты осы тұрғыда реттеу туралы түсіндіру жүргізілген. Маска режимін ешкім жойған жоқ. Бұл талап аталмыш базарға да қосылып отыр», - деді облыс әкімінің орынбасары.


Жоғары қарай