Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Пандемия кезінде отандастарымызды елге жеткізген ұшқыш өмірден озды

2020 жылдың 16 шілде 2020 16:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 36 жылдан астам уақыт бойы әуе кемесін басқарып, Air Astana компаниясында ұшқыш болып қызмет атқарған Қанат Сиденғалиев өмірден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Қанат Мүтәліпұлы Сиденғалиевтің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қанат Мүтәліпұлы өз ісінің нағыз маманы еді. 36 жылдан астам уақыт авиация саласында қызмет етіп, түрлі әуе кемелерінің ұшқышы болған» делінген аталған комитет хабарламасында.

Air Astana компаниясының атап өтуінше, Қанат Сиденғалиев 2004 жылдың мамырынан бері әуе кемесінің командирі ретінде Фоккер-50 және Airbus320 ұшақтарын басқарған.

«Орнын ешкім баса алмас көшбасшы, ұйымдастырушы және «Авиатор» жазғы кәсіподақ төрағасы болды. Барлық уақытта да әріптестеріне қол ұшын беріп, оларды өмірлік қиын сәттерде қолдап отырды. Отбасылық балалар үйлеріне көмек ұйымдастырып, оған белсенді қатысты. Әріптестерінің балалары үшін үнемі Жаңа жылдық мереке ұйымдастырып, ұшқыштарымыздың әл-ауқаты мен жан-дүниесі үшін үнемі алаңдап жүретін. Кез келген жағдайда оған арқа сүйеп, көмек беретіндігіне сенімді болушы едік. Қанат пандемия жағдайында отандастарымызды елге алып келу бойынша репатриациялық рейстер бағдарламасына қатысты. Өмірінің соңғы сәтіне дейін кәсіподақ жұмысына және әріптестерінің моральдық жай-күйіне алаңдаушылық танытты», - деп еске алады әріптестері.

Қанат Мүтәліпұлы 1963 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген. 1980 жылы Ломоносов атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбедегі жоғары авиация училищесіне түскен. Еңбек жолын Атырау қаласының әуежайынан бастаған.

Жоғары қарай