Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Пәкістан базарында жарылыс болды

2019 жылдың 14 наурыз 2019 20:50

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан базарында жарылыс болып, екі адам қаза тапты деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Dunya News телеарнасына сілтеме жасап.

Пәкістанның батысында орналасқан Панджгур қаласындағы базарлардың бірінде болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, жеті адам жарақат алған. Телеарна мәліметіне сүйенсек, жарылыс қала ішіндегі Чаткан базарында болды. Қолдан жасалған жарылғыш құрылғы мотоциклге орнатылған. Төтенше жағдай салдарынан мотоциклдің маңында орналасқан бірнеше көліктер қираған.

Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері аумақты қоршауға алды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




null


null

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай