Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өзбекстанның парламенттік сайлауында либералды-демократиялық партия жеңіске жетті

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 17:15

ТАШКЕНТ. УзА-ҚазАқпарат – Өзбекстанда Өлий Мәжілісінің Заңнамалық палатасының және облыстық, аудандық және қалалық Кенгаши халық депутаттарын сайлау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі УзА-ға сілтеме жасап.

Өлий Мәжілісінің Заңнамалық палатасындағы 150 депутаттың орнына бес саяси партиядан 744 адам таласқан болатын.

2019 жылдың 22 желтоқсанында басталған бұл жолғы сайлауда шетелде жүрген өзбекстандықтарды қосқанда 13 миллион 963 мың 627 сайлаушы, яғни жалпы сайлаушылардың 67,8 пайызы дауыс берді. 150 мыңға тарта сайлаушы мерзімінен бұрын дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды. Сайлауда бірінші рет шетелде жүрген Өзбекстан азаматтарына дауыс беру мүмкіндігі берілді.

25 сайлау округінде үміткерлердің бірі де жалпы дауыстың 50 пайызын ала алмағандықтан, 2020 жылдың 5 қаңтарында қайтадан дауыс беру ұйымдастырылды.

Сайлау нәтижелеріне сәйкес, Өзбекстан Республикасының Өлий Мәжілісінің Заңнамалық палатасында кәсіпкерлер мен іскер адамдардың қозғалысы – Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы - 53, Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы - 36, Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясы - 24, Өзбекстанның халықтық-демократиялық партиясы 22 және Өзбекстанның экологиялық партиясы 15 депутаттық орынға ие болды.

150 депутаттың 48-і (32 пайызы) әйелдер. 39-ы – парламенттің төменгі палатасының бұрынғы депутаттары. Таңдап алынған депутаттардың 9-ның жасы отызға дейінгі жастар. 97-нің жасы 30 бен 50 аралығында. 44-нің жасы 50-ден жоғары. 130 депутат немесе 87 пайызы өзбек ұлтынан.

Қалған 20 депутаттың ішінде бес-бестен қарақалпақ және орыс ұлтынан халық қалаулысы болса, үш-үштен депутат қазақ және тәжіктен, екеуі кәрістен, бір-бір депутат қырғыз және түрікмен ұлтынан болып отыр.


Перевод Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Әлем, Сайлау,
Жоғары қарай