Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда VIII ғасырдағы Құран кітабын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

2021 жылдың 13 маусым 2021 02:21

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда VIII ғасырдың соңында жазылған көне Құран кітабы реставрациядан кейін көпшілік назарына ұсынылды. Бұл туралы Өзбекстанның Мәдениеті мен өнерін дамыту қоры Кеңесінің төраға орынбасары Саида Мирзиёева Telegram-да жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ғылыми зерттеулерге сәйкес, Құран кітабы ұзақ уақыт бойы Өзбекстанның Қашқадария облысы Қамашин ауданындағы Лангар ота мешітінде сақталып келген. Ол VIII ғасырдың соңында жазылған және ислам әлеміндегі ең көне қолжазбалардың бірі болып табылады.

Мәдениет және өнерді дамыту қоры мен Өзбекстан Мұсылмандары діни басқармасы бірлесіп ұйымдастырған жобаға Францияның белгілі Лувр музейінің мамандары жұмылдырылды.
«Катта Лонгар Құранының парақтары реставрацияға дейін өте құрғақ және адыр-бұдырлы болды. Өте көп шаң-тозаң отырған. Біз реставрация процесін әрбір парақты тазартудан бастадық. Кітап қатты деформацияға ұшыраған», - деді француз маманы Аксель Дело.

2019 жылы басталған қайта қалпына келтіру жұмыстары үш кезеңмен жүргізілген. Алдымен, процестің жоспары құрылған. Құранның жай-күйі туралы сипаттама жазылып, фотофиксация жасалған. Қолжазбаның беттері жеке-жеке алынған. Реставрацияның соңғы кезеңінде кітап 15 айға баспақ астына орналастырылған. Кейін арнайы қаптамаға салынды.

Саиды Мирзиёеваның пікірінше, көне кітап енді көптеген ғасыр бойы бүтін адамзаттың рухани байлығы болады.

Өзбекстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон Алимовтың айтуынша, әлемде Катталангар Құранының бір ғана данасы бар. Кітап 206 беттен тұрған болуы мүмкін. Сақталғаны 97 бет қана. Өзбекстанда киелі қолжазбаның 17 беті сақтаулы.


Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Өзбекстан, Дін, Әлем,
Жоғары қарай