Өзбекстанда вакцинаға қабілетті халықтың 55 пайызы екпе алды

ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - 11 желтоқсандағы жағдай бойынша Өзбекстанда вакцинаға қабілетті жоспарланған халықтың 55%-ы коронавирусқа қарсы толық екпе алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.
ДСМ мәліметінше, толық екпе курстарынан өткен азаматтардың жалпы саны 11 797 635 адамды құрайды.
Олардың:
·793 431 адам 65 жастан асқан,
·421 017 медицина қызметкері,
·420 552 мектеп мұғалімдері,
·164 466 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкері,
·782 182-сі созылмалы дертке шалдыққан азаматтар. Қалған вакциналар халықтың басқа топтарын вакцинациялау үшін пайдаланылғаны айтылады, хабарламада.