Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 18 адамның жағдайы ауыр

2020 жылдың 29 маусым 2020 09:16

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда коронавирус жұқтырған азаматтарды емдеу кезінде осы індетті жұқтырған дәрігер мен емделуші науқас қаза тауып, бір тәулікте 266 кісінің вирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ӨзА.

Денсаулық сақтау министрлігінің 28 маусым кешкі қорытынды мәліметіне сенсек, республикада ауруға шалдыққандардың саны 7948-ге жеткен.

Сонымен қатар бүгін 81 азамат аурудан сауығып шығып, жалпы жазылғандар саны 5329-ға жетті. Бүгінге дейін 22 адам осы індеттен көз жұмған.

Қазіргі уақытта ауруханада 2597 науқас дәрігерлер бақылауында. Оның арасында 18 азаматтың жағдайы ауыр.


Басты сөздер: Коронавирус, Өзбекстан,
Жоғары қарай