Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өзбекстанда Конституцияны жетілдіру процесі басталды

2022 жылдың 17 мамыр 2022 22:31

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Өзбекстанның жетекші саяси партиялары бірлескен отырыста ел Конституциясын жетілдіру процесін бастауға келісті. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Өлий Мәжілісі Заңнама палатасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясының депутаттары «Әрекет стратегиясынан – даму стратегиясына» қағидасы бойынша әзірленген Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясын жүзеге асыруда Негізгі заң – Өзбекстан Республикасының Конституциясын жетілдірудің өзекті мәні бар екенін атап өтті.
«Миллий тикланиш» демократиялық партиясы фракциясының мүшелері ӨзЛиДеП-тегі әріптестері ұсынған Конституцияны жетілдіру жөніндегі ұсынысқа толық қолдау білдірді.
Депутаттар сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Конституциясын жетілдіруге бағытталған нақты нормалар ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ете отырып, республиканың барлық азаматтарының ұсыныстары мен пікірлері негізінде қалыптастырылуы тиіс екенін атап өтті.
Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша Өзбекстан Конституциясын жетілдіру туралы мәселені Өлий Мәжілісінің Кенгаши палатасына енгізу туралы шешім қабылданды.

Басты сөздер: Әлем, Өзбекстан, Конституция,
Жоғары қарай