Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өзбекстанда геоақпараттық технологиялар орталығы құрылады

2022 жылдың 25 мамыр 2022 22:03

ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат – Өзбекстанда ғарыштық мониторинг және геоақпараттық технологиялар орталығы құрылады. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан министрлер кабинетінің хабарлауынша, орталық спутниктік құрылғылар арқылы Жерді қашықтықтан зондтау, оның деректерін қабылдау, сақтау, өңдеу және тарату, ғарыштық салаға қатысты қызметтер көрсету, ғарыштық салаға ғылыми-инновациялық технологияларды кеңінен тарту мақсатында осы саладағы ғылыми-инновациялық жұмыстарды жүзеге асыру, ғарыштық және геоақпараттық технологияларды, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы экономиканың, қорғаныс және қауіпсіздік секторларының және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу бағыттарында жұмыс істемек.

Ғарыштық мониторинг және геоақпараттық технологиялар орталығы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, бизнес-қауымдастықтарға, жергілікті билік органдарына, жеке және заңды тұлғаларға ғарыштық мониторинг, қашықтықтан зондтау деректері және басқа да ғарыш қызметтерін спутниктік және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы қамтамасыз етеді.


Басты сөздер: Өзбекстан,
Жоғары қарай