Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда бір күнде 700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

2020 жылдың 30 шілде 2020 12:38

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - 29 шілдеде Өзбекстанда 692 адамға коронавирус инфекцияси диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстанның коронавирус жөніндегі республикалық арнайы комиссиясына сілтеме жасап.

«Анти-рекорд жаңартылды - бүгін Өзбекстанда 692 (!) адамға коронавирус диагнозы қойылды, 365 науқас хал үстінде жатыр, 172-сінің жағдайы ауыр», - делінген хабарламада.

Бір күнде 5 науқас, соның ішінде бір жүкті әйел қайтыс болған.

Сондай-ақ, кеше елде 672 науқас емделіп шығып, емделгендердің жалпы саны 12 937 адамға жетті.

Өзбекстандағы коронавирустық инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 22 585 құрап отыр.


Автор Нұрлан Тұяқов
Басты сөздер: Өзбекстан, Коронавирус,
Жоғары қарай