Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда айт намазы жамағатпен бірге оқылмайтын болды

2021 жылдың 17 шілде 2021 12:15

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Өзбекстан аумағында биылғы Құрбан айт намазы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жамағатпен бірге оқылмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтемемен.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының хабарлауынша, Құрбан айт намазы кезінде үлкен жамағат жиналатынын ескере отырып, пандемияның өршуіне және дерт салдарын жеңілдету үшін осы күні айт намазы оқылмайды.

Оның орнына үйде Зуха намазын оқу ұсынылған.

Сонымен қатар, COVID-19 жағдайының күрт нашарлауын алдын алуға орай жұма намазын жамағатпен бірге оқу уақытша шектелген.

Барлық карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттердің ашық сахналарында маска тағып және арақашықтықты сақтау арқылы басқа уақыттағы намазды оқуға рұқсат.

Дегенмен мешітте қол алысуға, құшақтасуға қатаң тыйым салынған.


Жоғары қарай