Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда Александр Македонский салдырған бекіністер табылды

2020 жылдың 20 қазан 2020 13:32

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Қашқадария облысы аумағындағы «Окработ» махаллясында (шағынаудан) Александр Македонский салдырған ежелгі бекіністер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Xalq so'zi» газетінің сайтына сілтеме жасап.

Өз дәуірінде Орта Азияны жаулаған әйгілі қолбасшы Александр Македонский Өзбекстанның қазіргі Дехканабад ауданы аумағында қыстап, өзіне және сарбаздарына арнап грек стилінде бекініс тұрғызған.

«Бұл бекініс ғасырлар бойы мүжіліп, қазір оның тек кейбір бөліктері сақталған. Оның қираған, сынған жерлеріне кезінде Ресей императоры Николай II жөндеу жұмыстарын жүргізген», - дейді Республикалық руханият және ағарту орталығы Дехканабад аудандық филиалының жетекшісі Ренат Кузибоев.

Бекініс ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында салынған және сол кезеңдегі стратегиялық маңызға ие мекен болған. Жергілікті тарихшылардың айтуынша, ерекше стильде тұрғызылған сәулет өнері толық зерттеуді қажет етеді.





Автор Әлихан Асқар
Басты сөздер: Мәдениет, Оқиға, Өзбекстан,
Жоғары қарай