Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда 2 мыңнан астам мемлекеттік кәсіпорын жеделдетілген түрде жекешелендіріледі

2020 жылдың 29 қазан 2020 01:23

ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат – 28 қазан күні Өзбекстан Президентінің төрағалығымен мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау және Президент жарлығына сәйкес мемлекеттік активтерді жекешелендіру мәселелері бойынша видеоселекторлық кеңес өтті. «ҚазАқпарат» ХАА бұл туралы ӨзА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 27 қазан күні мемлекеттік активтерді жеделдетілген түрде жекешелендіру бойынша жарлыққа қол қойды.

Жарлықта көрсетілген шаралармен 2 мыңнан астам мемлекеттік актив қамтылады. Олардың ішінде 479 кәсіпорын мен 15 жылжымайтын мүлік нысанын сауда-саттыққа шығару көзделген. 62 кәсіпорын жекешелендіруге дайындалады. 32 кәсіпорын мен сала трансформацияланса, 507 базардың қызметі жетілдірілетін болады.

Онымен қоса, бұған дейінгі актілерде көрсетілген 386 нысан, сондай-ақ хокимдер іске асыруға құзыретті 559 нысан сауда-саттыққа шығарылады.

«Кукон нефтгаз пармалаш ишлари» және «Хоразмсувкурилиш» сынды 62 ірі кәсіпорынды жекешелендіру мәселесінде, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ мемлекеттік жобалау институттарын трансформациялау мәселесі қозғалды. Елде ірі құрылыс компанияларының саны артып келеді. Құрылыс компаниялары мен мемлекеттік жобалау институттарының тығыз кооперациясы есебінен жобалардың сапасы мен басқару жүйесін жақсарту міндеті қойылды. Жаңа жүйе ең алдымен, 6 жобалау институтында енгізілетін болады. Кейіннен жобалау институттарындағы мемлекеттің қатысуы құрылыстағы серіктес-ұйымдарда іске асырылмақ.

Бұдан бөлек, кеңес барысында 500-ден астам базар мен сауда кешендеріне мемлекеттің қатысуын түбегейлі қайта қарау қажеттігі айтылды. Бұл үшін инвесторлар арасында конкурс жарияланады. Егер базар табысы өсіп, салықтық түсімдер мен жұмыс орындарының саны тұрақты түрде артатын болса, онда кәсіпкер мемлекеттік үлесті бөліп төлеу шартымен сатып ала алады.


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Әлем, Өзбекстан,
Жоғары қарай