Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда 18 сәуірден бастап карантин талаптары күшейтіледі

2021 жылдың 17 сәуір 2021 15:11

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда 18 сәуірден бастап карантин талаптары қатайтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шешім бүгін Өзбекстан Республикксының Премьер-министрі Абдолла Әріповтың төрағалығымен өтткен Коронавируспен күрес бойынша республикалық комиссияның кеңейтілген отырысында қабылданды.

«Біз әзірге шекараны жапқан жоқпыз, біліп қойыңыздар!. Себебі, біз барлық қызметтерді тоқтатуға негіз болатын қауіпті көріп отырған жоқпыз. Бірақ ауру тарала бастады. Егер жыл басында күніне 15 жағдай анықталса, қазір бұл көрсеткіш 300-ге жетті», - деді Абдолла Әріпов.

Осыған байланысты 18 сәуірден бастап ірі сауда орталықтарында, дүкендерде, базарларда, концерттік мекемелер мен көңіл-көтеру орындарында карантиндік бақылау күшейтіледі. Атап айтқанда келушілер қолдарын антисептикпен зарарсыздандырады, тиісті ұйымдар медициналық масканың болуын және әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылайтын болады.

Сондай-ақ коронавирус жағдайлары анықталған мектептер мен балабақшалар екі апталық карантинге жабылады.

«Инфекция 6-7 пайызға – жоғары оқу орындарында, 11-15 пайызға – орта білім беру мекемелерінде таралуда. Егер өткен жылғы жағдаймен салыстыратын болсақ, ол кезде оқушылар бұл ауруды жұқтырмаған еді. Жыл басында балалар арасында британдық штамм таралды, сол себепті де біз бірқатар мектептер мен балабақшаларды жабуға мәжбүр болдық. Бүгінгі таңда ауру түрі өзгерген, одан әрі қауіпті бола түсті. Егер бұрын ауру балаға жоламаса, қазір бәрі керісінше. Тіпті мектеп жасына дейінгі кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін.

Бізге африкалық штамм кірді. Қазір озық технологиялар орталығы Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық қызметімен бірлесіп зерттеу және терең талдау жүргізуде»,-деді Өзбекстан премьер-министрі.


Жоғары қарай