Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өзбекстан, Қытай, Моңғолиядағы қандастар ҰБТ-ны 19 шілдеде тапсырады

2020 жылдың 16 шілде 2020 02:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай, Моңғолия және Өзбекстандағы қандастар үшін ҰБТ 2020 жылғы 19 шілдеде өткізілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

«Түлектер мен ата-аналарының өтінішін ескере отыра, сонымен қатар, онлайн форматтағы тестілеуді өткізуге техникалық тұрғыдан тестіленушілердің дайындығы қажет болғандықтан тестілеу шілденің 17-нен 19-на ауыстырылды», делінген орталықтың Facebook-тегі парақшасында.

Қандастарға арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу 19 шілде күні таңғы сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) онлайн форматта өткізіледі. Яғни әр тестіленуші үйінде отырып, ҰБТ тапсырады.

«Ол үшін әр тестіленушіге ғаламторға қосылған компьютер (1 024 Mбит/сек- жылдамдығын speedtest.net сайтында тексеруге болады), «Google Chrome» браузері, веб-камера және онлайн форматта Youtube каналына тестілеуді түсіру мүмкіндігі бар смартфон қажет болады.

Қосымша ақпаратты 18 шілде күні өтініштерді тіркеген жоғары оқу орындары береді (тестілеуге кіруге арналған сілтеме мен логин/құпиясөз)», делінген хабарламада.

Басты сөздер: Өзбекстан, Қытай, Қандастар, ҰБТ,
Жоғары қарай