Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отырардағы Шәмші Қалдаяқовтың мұражайында 120-дан астам жәдігер қойылған

2020 жылдың 15 тамыз 2020 14:51

ОТЫРАР. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Отырар ауданындағы қоржын үй үлгісінде салынған Шәмші Қалдаяқовтың мұражайында 120-дан астам жәдігер қойылған. Облыс әкімдігінің идеясы бойынша әрі демеушілердің көмегімен ашылған мұражай үйі Шәмші Қалдаяқов саябағында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі композитор халқымыздың бір туар азаматы Ш.Қалдаяқовқа 90 жыл толуына орайашылған мұражай үйінде композиторға қатысты әрі өзі тапсырған заттары көпшілік назарына ұсынылған. Атап айтқанда мүштігі, мондолинасы, Отырардағы той нотасының түпнұсқасы, баскиімі мен қатар естелік суреттері бар. Сондай-ақ, әкесі Қалдаяқ ұстаға қатысты сандықшасы мен білік төсі, қол шарығы және басқада құрал саймандары мен майлы бояумен салынған Ш.Қалдаяқов пен Қалдаяқ ұстаның портреті бар. Бұл нысан елімізде композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналналған тұңғыш әрі жалғыз мұражай саналады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың айтуынша, бұл мұражай үйін ашу туралы идея өткен жылы туындаған.























«Арыстың ортасында жолда жүргенде, Шәмші Қалдаяқов атындағы шағын ауылға көзім түсті. Бірнеше күннен соң қолым қалт еткенде сол ауылға соғып, ұлы композитордың балалық шағы өткен, мандолинаны алғаш үйренген үйінің орнын ғана таптым. Дәл сол кезде Шәмшінің музей үйін салу туралы идея туындады. Бұл бастаманы облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бірден қолдады. Отырар ауданының әкімімен бірге Шәмшінің көзін көрген, осы ауылда бұрыннан тұратын қариялармен сөйлестік. Саз балшықтан соғылып, төбесі қамыспен жабылған шағын үйдің жобасын даярладық. Сазгердің үйі түпнұсқа қалпында тұрғанын қаладық. Музей құрылысына бюджеттен ақша бөлінген жоқ. Демеушілер құрылыс материалдарына көмек берсе, жергілікті тұрғындар Шәмшінің үйін ерекше ықыласпен салуға жәрдем берді. Аудан және ауыл халқы Шәмшіге қатысы бар құнды жәдігерлерді әкелсе, ҚР Ұлттық музейі және облыстық музей Шәмшінің әйгілі қаракөл бас киімін, қойын дәптерін, ноталарын, мандолина секілді заттарын тарту етті. Музей ішіне кірсең қазақтың талантты ұлының шығармашылық қуатын сезінесің»,- деді Сәкен Қалқаманов.

Алдағы уақытта Шәмші мұрағатын күтіп-баптау үшін мекеме облыстық музейдің филиалы ретінде ашылып, арнайы штат санымен мамандары жұмыс істейтін болады деп жоспарланып отыр. Ал, болашақта Шәмшінің әнін сүйіп тыңдайтындар мен туристерді қызықтыратын орын болары сөзсіз.

Еске сала кетсек, бүгін аты аңызға айналған сазгер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Сазгердің ұлы Мұхтар Қалдаяқов халық әртісінің өмірі мен отбасылық құндылықтары туралы айтып берді.

«Бүгін еліміздің Әнұраны «Менің Қазақстаным» әнінің авторы, ұлт руханиятына талай сырлы саз бен әсем әуен сыйлаған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы. Оның туындыларын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджі басталды. Әуенді марафон Қазақстанның халық әртісі, ҚР Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналды.

Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды.


























Жоғары қарай