Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отырарда әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 14:31

ОТЫРАР. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар ауданында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығы Шәуілдір ауылында 6 нысан абаттандырылып, жаяу жолдар мен веложолдар салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Арғынбеков даңғылында 1,9 шақырым аралық абаттандырылып, жарықшамдар мен орындықтар және қоршаулар орнатылған. Бұл жұмыстарға 266,7 млн теңге қарастырылған. 1,77 шақырым аралықты көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, Жібек жолы даңғылы бойындағы «Даңқты бабалар саяжолы» нысанын ағымдағы жөндеу өткізілуде. «Қасірет мемориалы» аллеясына суландыру мен жарықтандыру жүйелері орнатылуда.


Жоғары қарай