Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отырар ауданындағы әл-Фараби ескерткішіне күрделі жөндеу жүргізілуде

2020 жылдың 14 тамыз 2020 00:14

ОТЫРАР. ҚазАқпарат – Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысы, Отырар ауданындағы «Даңқты бабалар саяжолы» жөндеуден өткізілуде. Ұлы ойшылдың еңселі ескерткіші орналасқан саяжол 15 жыл бұрын салынған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көптен бері жөндеу көрмеген саяжолды қалпына келтіру жұмыстарына қазынадан 71,726 млн теңге қаржы қаралып отыр.

Бұл қаржыға жалпы көлемі 524 шаршы метр жер көгалдандырылып, 48,3 шаршы метр болатын аркалар травертинмен қапталуда. Сондай-ақ, ауқымы 101,5 шаршы метрді алып жатқан әл-Фарабидің ескерткіші де гранитпен қапталатын болады. Осы маңдағы аяқжолдар салынып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орналастырылмақ. Бұдан бөлек, жарықшамдар орнатылып, сахна қайта түрленеді. Сонымен қатар, аудандағы «Қасірет» мемориалы маңындағы аллеяға да ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 41,750 млн теңгені құрайды. Мұнда 315,4 шаршы метр жерге аяқжол төсемелері төселіп, 315,3 шаршы метр жердегі гранит қаптамалары ауыстырылуда. Келушілер үшін орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылуда. Жоспар бойынша аталған нысанға жарық шамдар орнатылып, көгалдандырылатын болады.



















Жоғары қарай