Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Отырар ауданында нысандардың күзгі-қысқы маусымға дайындығы пысықталды

2019 жылдың 2 қазан 2019 18:16

ОТЫРАР. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Отырар ауданында мәслихаттың кезекті қырық алтыншы сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов пен орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәслихаттың күн тәртібінде аудан әкіміне жүктелген міндеттер мен функцияларды атқаруы туралы есебі мен аудандағы әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық нысандардың күзгі-қысқы маусымға дайындығы пысықталды. Аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу секілді мәселелер қойылды. Сессияда аудан басшысы Әбдіғали Жүнісов ағымдағы жылдың 8 айында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жөнінде арнайы баяндама жасады. Оның сөзінше, аудан бюджетінің кіріс бөлігі 8 айда 115,4 пайызға, өнеркәсіп саласының нақты көлем индексі 103,7 пайызға артқан. Ал, өндірілген ішкі аймақ өнім көлемі 97,2 пайыз, ауыл шарушылық саласының 8 айда нақты көлем индексі 102,0 пайызды құраған. Суармалы жер көлемінің артқандығын тілге тиек еткен Әбдіғали Айтжанұлы биыл жыл соңына дейін әлеуметтік маңызға ие бірнеше құрылыс нысандарының жұмысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілетіндігін жеткізді. Сессияда жарыссөзге шыққан халық қалаулылары Жолбарыс Мырзапейіс пен Төре Ақжігіттер балабақша, көшелерді жөндеу, спорттық алаңдар салу, канал, жылу беру маусымына дайындық және ауданның ауыл шаруашылық саласында мал азығын дайындауды секілді ұсыныс-сауалдарын білдірді. Өз кезегінде аудан басшысы депутаттардың көтерген мәселелерінен өзі де хабардар екендігін айтып, айтылған ұсыныстардың алдағы уақытта кезең-кезеңімен өз шешімін табатындығын баса айтты. Жиында сөз алған аудандық тұрғын-үй,коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Құдайбергенов қысқа дайындық, жылу беру мәселелеріне байланысты хабарлама жасады.

Жоғары қарай