Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Отырар ауданы бюджетінің кіріс бөлігі 115,4 пайызға артқан

2019 жылдың 2 қазан 2019 22:27

ОТЫРАР. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар ауданында мәслихаттың кезекті отырысы өтті. Сессияға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов пен орынбасарлары, мәслихат депутаттары мен мекеме, кәсіпорын басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәслихаттың күн тәртібінде аудан басшысы Әбдіғали Жүнісов ағымдағы жылдың 8 айында атқарған жұмыстары жөнінде арнайы баяндама жасады. Әкімнің сөзінше, аудан бюджетінің кіріс бөлігі 8 айда 115,4 пайызға, өнеркәсіп саласының нақты көлем индексі 103,7 артқан. Ал, өндірілген ішкі аймақ өнім көлемі 97,2 пайызға, ауыл шарушылық саласының нақты көлем индексі 102,0 пайызды құраған. Аудандағы суармалы жер көлемінің артқандығын тілге тиек еткен Әбдіғали Айтжанұлы биыл жыл соңына дейін әлеуметтік маңызға ие бірнеше құрылыс нысандарының жұмысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілетіндігін жеткізді. Сессияда сондай-ақ, аудандағы әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық нысандардың күзгі-қысқы маусымға дайындығы мен аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу секілді мәселелер қойылды. Мәслихат отырысында жарыссөзге шыққан халық қалаулылары Жолбарыс Мырзапейіс пен Төре Ақжігіттер балабақша, көшелерді жөндеу, спорттық алаңдар салу, канал, жылу беру маусымына дайындық мәселелерін көтерді. Ауыл шаруашылық саласында мал азығын арттыру мақсатында арпа егу секілді ұсыныс-сауалдарын білдірді. Өз кезегінде аудан басшысы депутаттардың көтерген мәселелері мен айтылған ұсыныстардың алдағы уақытта кезең-кезеңімен өз шешімін табатындығын баса айтты. Жиында сөз алған аудандық тұрғын-үй,коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Құдайбергенов қысқа дайындық, жылу беру мәселелеріне байланысты хабарлама жасады.










Жоғары қарай