Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өткен жылы шенеуніктер 245 сыйлықты мемлекетке тапсырған

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 15:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттеріне 245 сыйлық тапсырылды. Оның 18-і 159 937 теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімінде бағалау құны 967 971 теңгені құрайтын 30 бірлік бекітілген, 12 бірлік жойылды.

2020 жылы тіркелген ең қымбат сыйлық - Iphone 12 Pro ұялы телефоны (2020 жылдың желтоқсанында есепке алынды). Ол 617 991 теңгеге бағаланды.

Ең төменгі бағалау құны - 800 теңге - ақ түсті пластикалық гүлдер және «Dream» маркалы шоколад.

Сыйлықтарды сату кезінде: «Tom Ford» Lost cherry EAU Parfum иіс суы аукцион арқылы 59 467 теңгеге (бағалау құны 118 934 теңге), яғни ең жоғары сомаға сатылды, ең кішісі - «Dream» ақ гүлдер мен шоколад үшін 205 теңге (бағалау құны 800 теңге).

Еске сала кетейік, жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар өзінің қызметтік жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ресми іс-шара барысында берілген сыйлықтарды алған (табылған) күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде тапсыруға міндетті.

Оны ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырады.


Жоғары қарай