Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 89 адамнан анықталып, 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ аталмыш дерттен 142 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 13 наурызынан бері 84563 адам ауырып, 5231 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 77613 адамды құрап отыр.