Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

2022 жылдың 16 қаңтар 2022 10:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы деректерге қарағанда өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды, ал 111 адам аталмыш дерттен жазылып шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бері елде коронавирус пневмониясымен 84690 адам ауырған. Сондай-ақ 5235 адам аталмыш дерттен қайтыс болып, 77803 адам жазылып шыққан.


Жоғары қарай