Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өткен аптада Қазақстанда 3059 қылмыс тіркелді

2021 жылдың 18 қазан 2021 13:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен аптада еліміз бойынша 3059 қылмыс тіркелген. Оның 515-і ұрлық-қарлық болса, 18 адам кісі қолынан өлім тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның ақпарат алаңында өткен олнайн брифингіде айтты.

«Бір апта ішінде 3059 қылмыс жасалды, оның 2035-і тәулік ішінде ашылды.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылық, 42 тонау және 515 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ІІМ өкілі.

Аталған шарада шетелден әкелінген көлік иелірінің жолда жүрі тәртібі туралы деректер айтылды. Мысалы, Қостанай облысында «қырғыз нөмірлі» көлік 91 рет «Сергекке» түскен.

«Бұл санаттағы жол қозғалысына қатысушылардың тәртібіне қатысты мәселе бар. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында 182 мың теңгенің 25 ұйғарымы рәсімделген Lexus анықталды. Ішкі істер қызметкерлерінің араласуымен бүкіл айыппұл төленді. Қостанай облысында «ВАЗ» маркалы бір көлікке 478 мың теңгенің айыппұлы жазылған 51 ұйғарым рәсімделген. Тағы осы өңірде Қырғыз Республикасында тіркеуде тұрған Toyota Estimo көлігіне 91 рет жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін 1,1 млн теңге айыппұл салынып, түгел өндірілді. Павлодар облысында Ресейде тіркеуі бар Hunday автомобилінің иесі 69 рет жол ережесін бұзып, 751 мың теңге айыппұл төледі», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.


Жоғары қарай