Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отбасылардың қайта қосылуы: Қазақстан мен Қытай консультация өткізді

2021 жылдың 26 ақпан 2021 09:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейнеконференция форматында Қазақстан мен Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасының Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Қытай делегациясына Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Цуй Айминь төрағалық етті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, келіссөздер барысында тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті консулдық-құқықтық мәселелерін жан-жақты талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі елдің халықаралық әуежайларына кіруі/шығуының және транзитпен өтуінің қолданыстағы тәртібі туралы өзекті ақпаратпен алмасты.

Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарына Қытайға бару үшін ҚХР жеке туристік және іскерлік визаларын беруді жалғастыру мүмкіндігі талқыланды.

Консультациялар барысында Қазақстан тарапы ұлты қазақ, екі мемлекеттің азаматтарынан құралған отбасылардың қайта қосылу мәселелерін көтерді.


Жоғары қарай