Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отандық кітаптардың 50 пайыздан астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған

2021 жылдың 15 қазан 2021 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жарық көріп жатқан кітаптардың 50 пайыздан астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында бірқатар шаралар жүріп жатыр. Сонымен қатар оқу, жазуға ынталы жас таланттарды да қолдауға аса мән берілуде. Бүгінде елімізде шығатын кітаптардың 50 пайыздан астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Және соңғы шығып жатқан кітаптарда арнайы QR код бар, ол балаларға оқуға ыңғайлылық үшін жасалып отыр. Яғни қажет жағдайда кітапты электронды форматта да оқи алады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», - деді Ақтоты Райымқұлова елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.

Сондай-ақ, министр балалар шығармашылығын дамытуға арналған шараларға тоқталып өтті.

«Бүгін елордада «Жас қаламгер» балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық байқау қорытындыланды. Елімізге танымал ақын, жазушылар балаларға дәріс оқып, әдебиет саласына жол ашып берді. Одан бөлек, жуырда ғана «Ер төстік» әдеби фестивалі де өз мәресіне жетті. Оған әр өңірден дарынды балалар қатысып, бақ сынады. Ол жерде балалар мен жасөспірімдердің үздік деген авторлық шығармалары айқындалды. Елімізде шығармашыл таланттар жеткілікті және біз оларды қолдауға әзірміз», - дейді ол.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Әдебиет, Ғылым, Қоғам,
Жоғары қарай