Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отандық  фармацевтикалық зауыт  жылына 90 млн құты инъекциялық ерітінді шығарады

2020 жылдың 21 қазан 2020 17:20

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматы облысының, Қарасай ауданында орналасқан фармацевтикалық зауыт жылына 90 млн құты инъекциялық ерітінді шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта еліміздегі фармацевтикалық өнімдердің ірі өндірушісі болып саналатын зауыттың қуаты ішкі нарықты толық көлемде дәрілік өніммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде инъекциялық ерітінділер өндіруге мүмкіндік береді. Өнім өндірудің жылдық көлеміне жүз елуден астам атау енгізілген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 90 млн құты инъекциялық ерітіндіні құрайды.

Қазіргі уақытта барша әлемді жайлаған дерт жеке қорғану құралдарымен және барлық қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті қамтамасыз ету үшін жеке ресурстардың болуы қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуда мемлекеттің қолдауы және қазақстандық дәрілік заттарды өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу жөніндегі «СҚ-Фармация» ЖШС жобасын іске асыру шешуші рөл атқарды. Ынтымақтастықтың мұндай түрі отандық өндірушілер өндіретін дәрілік заттар номенклатурасының тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бүгінде кәсіпорында 420 адам еңбек етеді. Зауыт қызметкерлері жұмысқа қабылданатын әрбір маман үшін фармацевтикалық өнеркәсіп, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласында оқыту жүргізеді. Сонымен қатар, өндіріс ошағы С.Д. Асфендияров атындағы медицина университетімен шарт жасасты. Осылайша оқу орнының түлектері Қытайда біліктілігін арттыру бойынша тағылымдамадан өтіп, білімдерін шыңдайды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Медицина, Алматы,
Жоғары қарай