Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменнен Қызылордаға келіп, қаңғыбас болып кеткен әйел аман-есен табылды

2020 жылдың 23 қараша 2020 03:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Полицейлер тамыз айынан бері хабарсыз кеткен өскемендік әйелдің Қызылордада қаңғыбастыққа салынғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемендік әйелдің Қызылорда қаласындағы сауда үйінің бірінде жүргені белгілі болды. Тексеру барысында 1984 жылы дүниеге келген азаматшаның Өскемен қаласында тұратыны нақтыланды. Ол тамыз айында үйінен шығып кеткен. Содан бері туысқандарынан хабарсыз қалған. Алдымен Ақтөбе қаласында аспазшы болып істеген азаматша көп ұзамай жұмыстан шығып қалған. Содан кейін Қызылорда қаласына келген. Жеке құжаттарын жоғалтып, ішімдікке салынып кеткен.

«Соңғы күндерде Қызылордада күн ызғарлы болып тұр. Полицейлер тоңып қалған азаматшаны дереу полиция пунктіне жеткізді. Ол қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығында тамақ және қажетті медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Полиция қызметкерлері өскемендік әріптестерімен байланысқа шығып із-түзсіз жоғалған әйелдің аман-есен табылғанын хабарлады. Жақын арада әйелдің туыстары келіп үйіне алып қайтады», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызылорда қалалық басқармасы облыс орталығында «Қаңғыбас» іс-шарасын өткізуде. Шара аясында учаскелік полиция инспекторлары қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға көмек көрсетуде.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада қаңғыбастыққа салынған адамдарға көмек көрсетілді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Оқиға,
Жоғары қарай