Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскемендік әйел гаражын алкогольді ішімдік жасайтын цехқа айналдырған

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 21:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында гаражда алкогольді ішімдік жасап келген 56 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері шаһардағы гараж кооперативтерінің бірінен алкоголь өнімдерін дайындайтын цехты анықтады.




Гараж иесі 56 жастағы әйел болып шықты.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары бес және бір литрлік ыдыстарға құйылған 2 тоннаға жуық алкоголь өнімдерін тапты.

Сонымен қатар құюға арналған заттар, бос контейнерлер мен олардың қақпақтары тәркіленген.

Анықталғандай, күдіктінің спиртті сақтауға және өткізуге рұқсат құжаттары жоқ.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жиналған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.




Жоғары қарай