Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өскемендегі барлық сауда орындары жабылатыны жайлы ақпарат жалған – әкімдік

2020 жылдың 27 наурыз 2020 18:16

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының әкімдігі әлеуметтік желілердегі дақпырт сөздерге сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешелі бері әлеуметтік желілерде «Өскемендегі сауда орындары түгелдей жабылады. Азық-түлік сататын дүкендер ғана аз уақыт жұмыс істемек. Үйден тек маңайдағы дүкендерге шығуға рұқсат беріледі» деген ақпарат тараған.

«Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қаладағы ешбір сауда нысаны жабылмайды. Тұрғындарды осындай өсек-аяңға сенбеуге шақырамыз», - деп хабарлады қалалық әкімдіктегілер.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқан азаматтарды анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы халыққа жолдаған үндеуінде ел арасында жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын айтқан болатын.


Жоғары қарай