Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде жолаушылар автобусы жыраға құлап кетті

2021 жылдың 27 тамыз 2021 20:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жолаушылар отырған автобус жыраға құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Красин кентінде болған.

«Қоғамдық көлік Пушкин көшесінде келе жатты. Кенет 59 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, автобус жыраға құлап кеткен. Жол апатынан зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша автобус жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.


Жоғары қарай