Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде жоғалып кеткен 4-сынып оқушысы табылды

2021 жылдың 21 қазан 2021 01:16

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 4-сынып оқушысын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан азамат баласының сабақтан оралмағанын айтты. Ата-анасы 4-ші сыныпта оқитын ұлдарын өз беттерімен қанша іздегендерімен еш нәтиже шықпаған.

«Полиция қызметкерлері іздестіру шараларына шұғыл кірісті. Соның нәтижесінде, бала 15 минуттың ішінде аман-есен табылған. Ол Красин көшесіндегі аулада ойнап жүрген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары Әли Қасымқанов пен Дархан Түсіпов оқушыны ата-анасына жеткізді. Олар өз кезегінде жылдам әрекет еткен полицейлерге ризашылықтарын білдірді.




Жоғары қарай